Басқарушы компания: кілттер табысталғаннан кейін жаңа қонысқа үйренуге кім көмектеседі?

5 мин оқыңыз | 27.11.2024

Жаңа үйден пәтер сатып алу - бұл сатып алудың қуанышы және қоныс тойын қуанышпен күту. Бірақ осы сәтте адамдардың көпшілігі кілттер табысталғаннан кейін үйдегі өмірге қатысты бірнеше мәселені шешу маңызды екенін естен шығарады.
Коммуналдық қызметтерді қалай қосу , мәселе туындаған жағдайда қайда қоңырау шалу және үйдің жай-күйіне кім жауап беретінін білу үшін сіздің ТК-нің басқарушы компаниясымен шарт жасасу керек.
Басқарушы компания не істейді
Басқарушы компания (БК) - бұл үй мен үйге жақын аумаққа қызмет көрсетуге жауап беретін ұйым. Оның негізгі қызметі:
  • Коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ету. БК су, жылу, электр энергиясын және басқа да өмірлік қажетті ресурстардың берілуін ұйымдастырады.
  • Жөндеу және қызмет көрсету. Бұл ұсақ бұзылуларға да (мысалы, кіреберістегі жарамсыз шам) және күрделі жұмыстарға да қатысты.
  • Тазалау және абаттандыру. Басқарушы компания кіреберісте, паркингте және аулада тазалықты қадағалайды.
  • Тұрмыстық мәселелерді шешу. Егер сіздің шулы көршілеріңіз туралы шағымдарыңыз немесе түбіртектерді төлеу бойынша сұрақтарыңыз болса, БК-ның диспетчерлік бөлмесі - сіздің бірінші байланысыңыз.
Маңызды!
Capital City тұрғын кешеніне Capital Service басқарушы компаниясы қызмет көрсетеді. Бұл компания Capital Invest Construction құрылыс салушысына өкілдік етеді.

Ең маңыздыны көрсете отырып, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін біз көршілік Гайдын құрдық, мұнда: диспетчерлік бөлмесінің байланыс номерлері, шарт жасасу және ТК жаңалықтарын қайдан көруге болатыны туралы ақпарат көрсетілді. Пайдаланыңыз, құжат екі тілде жасалды!
Шымкенттің ең биік тұрғын үй кешеніндегі бизнес-класс пәтерлер
Негеліктенбірден БК-мен байланыс орнату маңызды
Кілттер табысталғаннан кейін басқарушы компаниямен тез арада шарт жасасу маңызды. Бұл:
  1. Өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білу. Шартта компания мен пәтер иесі неге жауап беретіні туралы жазылады.
  2. Мәселелерді жедел шешу. БК-мен байланыс орната отырып, сіз судың ағып кетуі кезінде, электрмен жабдықтау ақауы немесе басқа да ақаулар болған жағдайда қайда жүгінуге болатынын білесіз.
  3. Артық шығынды болдырмау. Шарт жасалмаса көптеген қызметтер қолжетімсіз немесе қосымша ақыға жасалуы мүмкін.
БК сіздің жайлылығыңызға қалай әсер етеді
Басқарушы компанияның жұмыс сапасы сіздің өміріңізге тікелей әсер етеді. Лифттерді тұрақты жинаудан бастап жарықтандырылған аулалар және күтілген үй маңындағы аумақ- осының бәрі сіздің үйіңізді жай ғана тұратын жер емес, жайлы және қауіпсіз кеңістік етеді.

Бұдан басқа, басқарушы компания тату көршілік қатынастарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. БК-мен бірлескен жиналыстар немесе мерекелік іс-шаралар танысуға, топтасуға және мәселелерді бірлесіп шешуге көмектеседі.

Басқарушы компания - бұл көп пәтерлі үйдегі өмірдің ажырамас бөлігі. Сұрақтар қоюдан тартынбаңыз және тұрғын кешеннің тыныс - тіршілігіне қатысыңыз – сіздің жайлылығыңыз бен үйдің болашағы осыған байланысты.
Жеке кеңес алыңыз
Форманы толтырыңыз, біздің менеджер сізге хабарласады
Сондай-ақ оқыңыз
    Следите
    за обновлениями
    Меню сайта
    Задавайте вопросы
    Проспект Байдибек би, 130/5
    sales-office
    Capital City YouTube