БИІК, ЕҢСЕЛІ ЖӘНЕ БІР КӨРГЕННЕН КӨЗ ЖАУЫН АЛАТЫН
Кешен қаланың ең биік нүктесінде орналасқан және кешкі жарықтандыру арқасында Shymkent City-дің жарық жұлдызына айналады. ТК жанында жай болудың өзі тартымды, ал егер ішінде тұрып көрсеңіз басқа жерге кеткіңіз келмей қалады.
Биіктігі, функционалдылығы және эстетикасы арқасында Capital City қаланың басты символына айналады. Бұл жерде әр тұрғынның ыңғайлы, жайлы және қауіпсіз өмірі ойластырылған. Бұл сіздің өмірдің жаңа деңгейіне қажеттінің бәрін біріктіре алған айрықша жоба.
CAPITAL CITY ЗАМАНДАСТАРДЫҢ ҒАНА ЕМЕС, БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ДА ЖАЙЛЫ ӨМІРІ ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАЙДЫ
Capital City — сіздің отбасыңыздың берік фундаменті және жарқын болашаққа деген сенімі. Құрылыстың заманауи тірек-монолит технологиясы 9 баллға дейін жоғары сейсмотұрақтылықпен қамтамасыз етеді. Жоба «ҚазҚСҒЗИ» АҚ тексерісінен өтіп, сертификатын алған.
Шыныфибробетоннан жасалған қасбет бекзаттық пен сырбаздық сыйлайды. Бұл материал жоғары деңгейлі беріктігі және отқатөзімділігімен ерекшеленеді, сондықтан ғимарат жүздеген жылдар тұра алады. Оның өндірушісі — Salben, қасбет өндірушілер арасындағы көшбасшы, оның сапасына GRCA Халықаралық Ассоциациясы кепіл болған.