Шымкентте trade-in тұрғын үй сатып алуды қалай жеңілдетеді: ескі пәтерді жаңасына ауыстырамыз
О доме | Читать 5 мин | 20.08.2024
Кейде өмір өзгеріп, ескі пәтер қалыптасқан жағдайға сай келмейді. Мысалы, егер сіздің отбасыңызда толығу болса және ескі пәтер жайлы өмір сүру үшін тар болса. Немесе сіз жұмыс орныңызды және балалардың мектебін ауыстырдыңыз, сондықтан жету өте ұзақ әрі ыңғайсыз болды.
Кейде бұл анағұрлым заманауи аудан немесе тұрғын кешені арқылы өмір сүру сапасын арттыруға деген ұмтылыс. Қалай болғанда да, бұл әр отбасының өміріндегі маңызды қадам. Жаңа өмір сүру жағдайлары мен заманауи инфрақұрылым - осының барлығын салушылар ұсынатын trade-in бағдарламаларының арқасында алуға болады.
Бұл мақалада trade-in шарттарының артықшылықтарын қарастырып, ескі тұрғын үйді жаңасына айырбастау кезеңдері туралы айтамыз.
Trade-in бағдарламасының артықшылықтары
Уақыт пен күш үнемдеу: Сізге сатып алушыларды іздеу және құжаттарды ресімдеу туралы алаңдаудың қажеті жоқ. Сіз жаңа тұрғын үй таңдауға және көшуді жоспарлауға зейін қоя аласыз.
Бағаның өзгеруінен қорғау: Жаңа үйдегі сіз таңдаған пәтерге қаржылық броныңыз нарықтағы бағалар өзгерген жағдайда да оның құны өзгеріссіз қалатынына кепілдік береді.
Шығындарды азайту: Сіз өзіңіздің ескі пәтеріңізді сататын жылжымайтын мүлік агенттігінің жұмысы үшін төлемейсіз. Оның үстіне құрылыс салушылар пәтерді тез және нарықтық бағамен сатуға болатындай бағалауды дербес жүргізеді
Әрбір кезеңде қолдау кепілдігі: Құрылыс салушы мәміле жасауға мүдделі, сондықтан әдетте менеджерлер сізге әр қадамыңызда - пәтерді таңдаудан мәмілені аяқтауға дейін көмектесуге дайын. Бұл сіздердің тәуекелдеріңізді төмендетеді.
Capital City –де trade-in бағдарламасы бойынша жайлы студиялардан бастап кең пәтерлерге дейін көп нұсқалар бар
Толығырақ білу
Сіз пәтер таңдап жүрсіз бе?
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біздің мамандар сізге хабарласады
Форманы толтыра отырып сіз жеке деректерді өңдеуге келісім бересіз
Бұл қалай жұмыс жасайды: trade-in ресімдеу кезеңдері
Пәтерді таңдау. Сіз жаңа құрылыстан бірінші кезекте Өз талаптарыңыз бен бюджетіңізге сәйкес келетін пәтерді таңдайсыз.
Қаржылық брон. Сіз жаңа пәтерді анықтағасын қаржылық бронды ресімдеңіз. Бұл оның құнын белгілейді және пәтердің басқа сатып алушыға сатылмайтынына кепілдік береді.
Ескі тұрғын үйді бағалау. Бұдан әрі құрылыс салушы сіздің тұрғын үйіңізге кәсіби баға береді. Бұл сізге нарықтағы жылжымайтын мүліктің нақты құнын түсінуге мүмкіндік беретін маңызды қадам.
Сату. Егер сізге пәтерді сатуда көмек қажет болса, құрылыс салушы сізге өзінің тексерілген серіктестерін ұсынады. Олар сатып алушыны тауып, құжаттарды ресімдеуге көмектеседі, ал құрылыс салушы жылжымайтын мүлік агенттігінің комиссиясын өтейді
Мәмілені ресімдеу. Ескі пәтер сатыла салысымен жаңа тұрғын үй мәмілесін ресімдейтін уақыт келді. Сонымен, сіз заманауи тұрғын кешеннің тұрғынысыз.
Қоныс тойын қалай жақындатуға болады
Trade-In бағдарламасы - бұл өз өміріңді жаңартудың және ең аз қиындықпен жаңа, заманауи тұрғын кешеніне көшудің тамаша тәсілі. Capital Invest Construction кеңсесінде барлық арнайы ұсыныстар туралы біліңіз және өз пайдаңызды пайдаланыңыз.
Жеке кеңес алыңыз
Форманы толтырыңыз, біздің менеджер сізге хабарласады