Жаңа құрылыстардың энергия тиімділігі кластары. Қысқаша гайд және бұл туралы неге білу қажет
Үй туралы | 5 мин оқыңыз | 17.07.2024
Пәтерді таңдау кезінде адамдардың көпшілігі орналасқан жеріне, көліктің қолжетімділігіне, жайғасымға және архитектуралық стиліне назар аударады.
Бірақ, зерігерлік болғанымен ондағы маңызды техникалық параметрлерді ұмытпау керек.
Бұл мақалада біз энергиятиімділік кластарына тоқталып, пәтер сатып алуды жоспарлаған әрбір адам бұл туралы не үшін білу керектігі туралы әңгімелейтін боламыз.
Қазіргі заманғы үйлердің энергиятиімділік кластары қандай болады
Энергиятиімді үйлер - бұл жай ғана сәнді тренд емес. Нысанның төлқұжатында белгілі бір латын әрпінің болуы сіздің коммуналдық төлемдеріңізді төмендетіп, жалпы жайлылықты арттырады.
Қазіргі заманғы жаңа құрылыстарда энергиятиімділік кластары «А» -дан «G» -ге дейін болады. Бұл кластар ғимараттың энергия тұтыну деңгейін және оның қоршаған ортаға әсерін білдіреді. Әр кластың қысқаша сипаттамасы: 1. A++ және A + - энергиятиімділігінің өте жоғары деңгейі, ең аз энергия тұтыну. 2. A - энергиятиімділігінің жоғары деңгейі. 3. B - энергиятиімділігінің жақсы деңгейі, орташадан жоғары. 4. С - энергиятиімділігінің орташа деңгейі. 5. D - энергиятиімділігінің деңгейі орташадан төмен. 6. E - энергиятиімділігінің төмен деңгейі, энергия тұтынудың жоғары деңгейі. 7. F - энергиятиімділігінің өте төмен деңгейі. 8. G - энергиятиімділігінің ең нашар деңгейі, ең жоғары энергия тұтыну.
Ең төменгі деңгей ескі ғимараттарда байқалады. Коммуникациялардың тозуы, сапасыз қызмет көрсету және үй салынған материалдардың тозуы iшiндегi жылудың әлдеқайда нашар ұсталуына алып келедi. Тұрғындар суды, жылуды және электр қуатын неғұрлым қарқынды пайдалануға, сәйкесінше коммуналдық қызметтер үшін көбірек төлеуге тура келеді.
Бұдан басқа, энергиятиімдіүйлерде міндетті түрде жеке және үйге ортақ есептегіштер орнатылады. Бұл меншік иелеріне шын мәнінде пайдаланған ресурстар көлемін ғана төлеуге мүмкіндік береді.
Энергиятиімділік класына не әсер етеді
Үйдің энергиятиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді. Олардың ішіндегі негізгі мәселелер: 1. Жылуды оқшаулау: - Қабырғаны, төбені және еденді жылытқыштың сапасы. - Энергиятиімдітерезелер мен есіктерді пайдалану.
2. Жылыту және салқындату жүйелері: - Жылыту жүйелерінің тиімділігі (мысалы, жылыту қазандары, жылу сорғылары). - Ауаны баптау жүйесінің тиімділігі.
3. Желдету жүйелері: - Пайдаланылған ауадан жылуды өңдеп қайтаратын жылыту рекуператорларының болуы. - Жылы немесе суық ауаның шығуын болдырмайтын ғимараттың герметикалылығы.
4. Жарықтандыру және лифттер: - Энергиятиімдіжарықтандыру аспаптарын (мысалы, жарық диодтарды) және қазіргі заманғы лифтілерді пайдалану. - Жарықтандыруды басқарудың автоматты жүйелерінің болуы.
5. Архитектуралықжәне конструктивтік шешімдер: - Күн энергиясын барынша пайдалануды ескере отырып ғимаратты жобалау (терезелерге бағдар жасау, шатыр пішіні және т.б.). - Қасбет қаптамасының түрі және оның жасалған материалы.
6. Құрылыстың сапасы: - Құрылыс жұмыстарын орындаудың дәлдігі мен ұқыптылығы, түйістер мен саңылаулар арқылы жылу ысырабының алдын алу
Заманауи бизнес-класс үйден пәтер сатып алу
Консультацияға жазылу
Сіз пәтер таңдап жүрсіз бе?
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біздің мамандар сізге хабарласады
Форманы толтыра отырып сіз жеке деректерді өңдеуге келісім бересіз
Бұл факторлар жиынтығы: • үйдің энергия тұтынуын төмендетеді; • энергия тиімділігін арттырады; • және соның есебінен тұрғындардың энергия ресурстарына шығыстарын қысқартады.
Экология мәселелері
Энергиятиімді үйлердің тұрғындары өз әмияндарына ғана емес, планетаға да көмектеседі.
БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі бағдарламасының зерттеуіне сәйкес, энергиятиімділігі жоғары кластағы ғимараттар парниктік газдар шығынын 62% -ке қысқартады және ауызсу шығынын азайтады.
Әрине, энергия үнемдеу технологияларын пайдаланатын құрылыс немесе оларды кейін орнату тұрғынүй құнын біршама арттыруы мүмкін. Бірақ бұл шығындар бірнеше жылда нақты өтеледі.
Capital City-дегі энергиятиімділік
Capital City бизнес-кластағы тұрғын үй кешеніне «А» энергиятиімділік класы берілді. А класы жылуды сапалы оқшаулау мен заманауи жабдық есебінен ресурстардың 60% -ын үнемдейді.
Capital City-де автономдық газбен жылыту қазандығы орнатылған. Бұл дегеніңіз, тұрғындар қысқы суық пен ылғалдан қорықпай, радиаторларда пәтердің температурасын көтеріп, жылу үшін артық төлем жасамайды.
Ал жазғы уақытта жайлылық пен салқындық күн сәулесінен қорғайтын бес камералы шыныпакеттер есебінен сақталады, бұл кондиционерлерге аз энергия жұмсауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Capital City қасбеті жоғары сапалы материал- әйнек фибробетонмен қапталған, ол сондай-ақ үй ішіндегі оңтайлы температураны сақтауға көмектеседі.
Сондай-ақ, көпшілік пайдаланатын орындарда заманауи LED-шамдар мен энергия үнемдейтін лифтілер орнатылған, олар тұрғынүйді тұтыну мен ұстауға жұмсалатын шығындарды үнемдейді.
Жеке кеңес алыңыз
Форманы толтырыңыз, біздің менеджер сізге хабарласады