Канадалық Магкилл университетінің ғалымдары адамдардың күн тәртібі туралы ақпаратты талдап:
- орта есеппен алғанда, адам ұйқыға 9 сағат жұмсайды (37,5%)
- күн сайын жұмысқа және білім алуға 8 сағат бөледі (30%)
- денсаулық, үй жинау, үй ісі, көлік және күнделікті міндеттерді шешуге 6,9 сағат кетеді (27,9%)
- және тек қана 2,1 сағат қарым-қатынасқа жұмсайтынын анықтады (4,5%).
Күн сайын біз күнделікті жұмыстарға 30% жұмсаймыз. Таңертеңнен бастап жұмысқа барар жолда кептелістер, балаларды секцияларға апару немесе бала күтуші табу, мереке ұйымдастыру немесе достармен кездесу, бос коворкинг табу, фитнеске бару - мұның бәрі ұсақ-түйек сияқты, бірақ бос уақытымыздың бәрін дәл осындай міндеттер ұрлап кетеді.
Бүгінде әлемде тұрғын үй кешендері тек жәй баспана болуға емес, үлкен болуға тырысады. Дәл тұрғын үй кешендерінде (ТК) тұрғындар өздерін жайлы сезініп, шын мәнінде маңызды нәрселерге көп уақыт бөлуі үшін спортпен және оқумен айналысатын бөлмелер, фитнес-залдар, коворкингтер, караоке және кинозалдар ашылып жатыр.