Әрбір тастың жайлылығы: сейсмикалық тұрақты тұрғын үйдің пайдасына таңдау жасаймыз

Үй туралы | 5 мин оқыңыз| 13.01.2024

capital city, ипотека в шымкенте, новостройки шымкента, новостройки в шымкенте, квартиры в шымкенте, жк кэпитал сити, шымсити, квартира от застройщика в шымкенте
Тау бөктеріндегі өмір тамаша көріністерімен және бірегей ландшафттарға жақындығымен қуантса да, оның өз бағасы бар. Ауыспалы ауа райы, сел және де әрине жер сілкіністері - осының бәрі төтенше жағдайға себеп болуы мүмкін. Сондықтан болашақ үйіңізді таңдау кезінде осы тәуекелдерді есте сақтау маңызды.

Сондай-ақ жер сілкінісі кезінде өзіңді қалай ұстау керектігі туралы нұсқаулықты зерделеу пайдалы болады.

Бұл мақалада үйдің сейсмикалық тұрақтылығы неден тұратыны, оны кім және қалай бағалайтыны және пәтер сатып алу кезеңінде бұл туралы неге ойлау керектігі туралы айтамыз.

capital city, ипотека в шымкенте, новостройки шымкента, новостройки в шымкенте, квартиры в шымкенте, жк кэпитал сити, шымсити
Сейсмотұрақты үйлер – бұл не және олар не үшін қажет
Сейсмотұрақты үйлер негізгі құрылымды бұзбай, қатты дүмпуге төтеп бере алады. Олар табиғи апаттардан адам және экономикалық шығынның алдын алуға көмектеседі.

Заманауи технологиялар мен материалдар 9 баллға дейін қатты жер сілкінісіне төтеп беретін үйлер салуға мүмкіндік береді. Сейсмикалық ең төзімді үйлер қаңқалы, монолитті және іріпанелді үйлер болып саналады.
Үйді сейсмикалық төзімді деп атау үшін ол бүкіл әлем бойынша 40-тан астам елде қолданылатын еуропалық стандарттарға сай болуы тиіс.
Қызықты факт: бүгінде Қазақстанның сейсмикалық төзімді құрылыс мектебі ТМД-дағы ең мықтылардың бірі болып табылады.
Тұрғын үйлердің сейсмикалық төзімділігі үшін қандай технологиялар қолданылады
Сейсмикалық төзімділік көрсеткіші үшін ғимараттың конструкциясы, іргетасы және биіктігі басты жауап береді. Бұдан басқа, беріктігі жоғары материалдарды, сейсмикалық оқшаулауды, әртүрлі демпферлер мен амортизаторларды пайдалану және міндетті түрде сейсмикаға қарсы тігістерді салу маңызды. Іргетас пен қадалар неғұрлым терең салынған болса, бұл көрсеткіш соғұрлым жоғары болады. Сондай-ақ үйдің барлық бөліктері дірілдің әсері кезінде олар тұтастығын сақтайтындай және конструкцияның қозғалысы есебінен тербелістерді қабылдай алатындай етіп жалғануы маңызды.
Неге жаңа құрылыстар екінші пайдаланымдағы үйлерден қауіпсіз
ТМД елдерінде кеңестік «панельдер» жаңа құрылыстарға қарағанда сейсмикалық төзімді деген аңыз бар.

Иә, совет үйлері жер асты сілкіністеріне шыдамды, бірақ жыл сайын олардың сенімділігі төмендеуде. Ұзақ уақыт пайдалану, қайта жайғасымын ауыстыру, су ағу және су басу - осының бәрі үйдің қирау қаупін арттырады.

Сондықтан, жаңа құрылыстар екiншi пайдаланымдағы үйлерге қарағанда қауiпсiздiкке ие. Бұл үш себеппен түсіндіріледі.

Біріншіден, үнемі мейлінше берік,соған қарамастан арзан материалдар әзірленеді және тестіленеді. Екіншіден, ғылым бір орында тұрмайды, сондықтан 20 жыл бұрынғыға қарағанда қазіргі уақытта дәл есептеулер мен болжамдар үшін әдістер көп. Оның үстіне сейсмикалық жарықшақтардың карталары анағұрлым дәл болатын болады. Үшіншіден, ғимараттарға қойылатын талаптар мен нормалар үнемі жаңартылып және нақтыланып отырады.

Қазақстан ТМД-да алғашқылардың бірі болып КСРО ыдырағаннан кейін сейсмикалық аудандар үшін өзінің ҚНжЕ-сін (құрылыс нормалары және ережелері) шығарған. Мәселен, 1998 жылы ғимараттардың сейсмикалық төзімділігіне қойылатын талаптар қайта қаралып, 2,5 есе қатайтылды. Сондай-ақ 2006 жылы да өзгерістер енгізілді.

Екі ретінде де түзетулер жер сілкінісінің салдарын зерттегеннен кейін енгізілді: Шығыс Қазақстан облысындағы 1990 жылғы Зайсан жер сілкінісі және 2003 жылғы Луговое станциясындағы жер сілкінісі.
Үйдің сейсмикалық төзімділігі туралы ақпаратты қалай тексеруге болады
Қазақстанда ғимараттарға қойылатын стандарттар мен талаптарды әзірлеумен, сейсмологиялық жарықшақтардың карталарын жасаумен және сараптама жүргізумен «ҚазҒЗЖИ» АҚ - Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты айналысады. Институт сайтында Сіз нақты обьект бойынша ақпарат сұрата аласыз.

Сондай-ақ, Сіз ғимараттың сейсмикалық төзімділігі туралы құрылыс салушыдан немесе әкімдіктен біле аласыз. Әдетте бұл ақпарат ашық түрде болады.
Бірінші кезекте қауіпсіздік
Өзіңіздің болашағыңыз бен балаларыңыздың болашағы үшін алаңдамау үшін сенімді ТК таңдау маңызды. Сонда төтенше жағдайда (ТЖ) сіз өз өміріңізді, денсаулығыңыз бен мүлкіңізді сақтап қала аласыз. Сондықтан менеджермен кеңесу кезінде міндетті түрде сұрақтар қойыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
    Жеке кеңес алыңыз
    Форманы толтырыңыз, біздің менеджер сізге хабарласады
    capital city logo
    Следите
    за обновлениями
    Меню сайта
    Задавайте вопросы
    phone
    ЖК «Арай», пр. Кунаева, 35а
    Проспект Байдибек би, 130/5
    WhatsApp
    sales-office
    sales-office
    whatsapp
    Capital City instagram
    Capital City YouTube